06 сәу, 2019 сағат 14:21

Бақыт Сұлтанов: Нұр-Сұлтан арқылы бүкіл Қазақстанға қызығушылық артады

Шаһар басшысы Бақыт Сұлтанов Испанияның Effe телерадиокорпорациясына сұхбат беріп, Нұр-Сұлтан қаласының бүгіні мен болашағы туралы сөз қозғады.

«Кеше испандық Effe телерадиокорпорациясы халықаралық іс-шара аясында берген сұхбатымды көрсетті. Пиреней түбегі мен испан тілді елдерден келуге ниет білдірген туристер біз туралы біршама мәлімет алды деп ойлаймын. Нұр-Сұлтан қаласының таныстырылымы астаналықтардың болашақтағы табысына оң ықпал ететін болады. Ең маңыздысы, бас қаламыз арқылы бүкіл Қазақстанға қызығушылық артады», - деп жазды Б.Сұлтанов өзінің Фейсбук парақшасында. 

Қала туралы таныстырылымды әкім «Welcome to Nur-Sultan, try the changes» (Нұр-Сұлтанға қош келіңіздер, өзгерістерді көріңіздер!) деген сөзбен аяқтады.  

«Туризм тұрғысынан алып қарағанда біз еліміздегі прогрессивті процестердің барынша пайдалы жағын қарастыруымыз қажет деп ойлаймын», - деді әкім. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елорда әкімі Бақыт Сұлтанов Лиссабонда өткен UNWTO-ға мүше елдер қалаларының басшылары мен туризм министрлерінің форумына қатысты. Дүниежүзілік туристік ұйымның қалалық туризм бойынша келесі 8-ші жаһандық саммиті Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.