#
#
Бейсенбі 13/08/2020

Әзербайжан жазушысы Қорқыт туралы телехикая түсіруді ұсынды

  • 04.09.2019
  • 0
  • 1005

Әзербайжанның әйгілі жазушысы Анар Расул оғлы Рзаев барлық түркі мемлекеттерін Қорқыт туралы телехикая түсіруді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әзербайжан мен Қазақстанды тереңге кетіп жатқан тарихи тамырластық пен ортақ дін байланыстырады. Ал қазіргі дәуірде экономика мен саясат біріктіріп тұр. Екі елдің тәуелсіздік дәуірінде осы бірліктің негізін Гейдар Әлиев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалап кетті. Нұрсұлтан Назарбаевтың Бакуде басылған кітабына алғысөз жазғаныма қуаныштымын. Біздің Қазақстанмен рухани байланысымыз соңғы екі ғасырда тіптен астасып жатыр. ХІХ ғасырда Низами Гәнжауи қыпшақ аруы Аппақпен отау құрып, ерте айырылады. Соның күйігінен «Сенсіз» атты әйгілі өлеңін жазды. Бұл өлең кейін романсқа айналды... Ал Қорқыт екі халықтың ортақ бабасы саналады. Әзербайжан ЮНЕСКО-ның қолдауымен Қорқыттың 1300 жылдығын тойлады. Күй атасы туралы фильмдер түсіріліп, кітаптар шықты. Мен қырғыз, өзбек, қазақ, түрікмен сияқты бауырлас мемлекеттердің бірлесіп Қорқыт туралы телехикая түсіргенін армандаймын», - деді Анар Рзаев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар