13 шіл, 2020 сағат 14:48

Әзербайжан елшілігі қазақ халқының қайғысына ортақтасып, туын төмен түсірді

13 шілде - Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты Әзербайжанның Қазақстандағы елшілігі қазақстандықтарға көңіл айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл жөнінде елшіліктің Facebook парақшасында хабарланды. 

«Қазақстан Республикасында 13 шілде - Жалпыұлттық аза тұту күні болып жариялануына байланысты Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы елшілігі бауырлас Қазақстан халқының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Осындай қиын сәтте бауырлас Қазақстан халқына қолдау білдіру мақсатында елшілік ұлттық туды төмен түсіргенін мәлімдейді» делінген елшіліктің хабарламасында.