ҚР Азаматтық авиация комитеті күрделі метеожағдайға байланысты ұшу ережелеріне сәйкес барлық әуе компаниялары мен экспулатанттарға хабарлама жіберді. Бұл туралы комитеттің Фейсбуктегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Комитет азаматтық авицаия саласында ұшу ережесін қатаң сақтауды ескертеді. Бұл ережелер ҚР Инвестицялар және даму министрлігінің 2017 жылы 28 шілдедегі HP509 бұйрығымен қабылданған. Құжатта прибор бойынша ұшу ережелері мәселелері мен күрделі метеожағдай кезінде визуалды ұшу ережелері бойынша ұшу-қону туралы шешім қабылдау туралы айтылған», - деді хабарламада.
Еске сала кетсек, кеше Алматыда Наурызбай ауданына қарасты Тау самалы шағын ауданында тікұшақ апатқа ұшырады. «Алатау» шипажайының ашық аумағына «Sky Service» әуе компаниясының жеке меншігіндегі Еврокоптер-130 тікұшағы құлады.
51 жастағы ұшқыш Валентин Шитов жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Тікұшақ Боралдай-Үлкен Алматы көлі бағытында ұшып бара жатқан.
Ал көліктегі ПД қызметкерлері аталған дерекке байланысты ҚР ҚК 344-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі тізіліміне тіркеді (Әуе көлігін пайдалану кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзу). Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.