12 мам, 2021 сағат 18:04

Айлығым бұрынғы төрағалардан 20% аз – ӘМСҚ басшысы


«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы Болат Төкежанов өзінің еңбекақсының мөлшерін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Менің жалақым айына 1 млн 500 мың теңгені құрайды. Былай алып қарасаңыз, маған дейін істеген төрағалармен салыстырсақ, қаржыландыру көлемі 2019 жылдан бері екі есе ұлғайды – 1,8 трлн теңге. Ал бірақ еңбекақым ол кісілерге қарағанда 20 пайызға төмендеген болатын», - деді Болат Төкежанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.