12 сәу, 2021 сағат 10:17

Айгүл Соловьева мен Рахым Ошақбаев жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының бұйрығымен Айгүл Соловьева Агенттік төрағасының азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Бұған дейін ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыруды сыртқы талдау мен бағалаудың Республикалық арнайы мониторинг тобының (бұдан әрі – АМТ) жетекшісі болды, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жеморлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

АМТ – Агенттік жанындағы алғашқы қоғамдық институт. А.Соловьеваның басшылығымен АМТ республикалық және жергілікті деңгейде мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есеп беруін дамытуға елеулі үлес қосты. 

Айгүл Соловьева ұзақ жылдар бойы Қазақстанның азаматтық қоғамының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан қоғам қайраткері.

Өз кезегінде, меритократия қағидатына сәйкес АМТ жетекшісі болып, бұған дейін жетекшінің орынбасары лауазымын атқарған Рахым Ошақбаев тағайындалды. Р.Ошақбаев – экономист, «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры.