13 қаз, 2016 сағат 11:36

Әйгілі жазушылардың өмірін өзгерткен кітаптар

Жазушы шығармашылық өсу жолында өзінен бұрынғыларды оқиды, сіңіреді. Олардың өміріне һәм шығармашылығына ерекше әсер еткен қаламгерлер, шығармалар болатыны анық. Олай болса, біз әйгілі жазушылардың өмірін өзгерткен кітаптар жөнінде баяндамақпыз.  

Габриель Гарсиа Маркес – "Құбылу" Франц Кафка

Бұл жайында ол өте керемет етіп айтып берген еді: 
"Франц Кафканың "Метаморфозалары" алғашқы сөздерінен-ақ менің өмірлік жолымды айқындап берді. Жаңа күн мені осындай шығарма жазу үшін жазу машинкасына отырғызды. Одан кейінгі күндері кітаптың сиқыры жоғалар деген қорқынышпен университетке баруымды да тоқтаттым".

Эрнест Хэмингуэй – "Соғыс және бейбітшілік" Лев Толстой

"Мен өте қарапайым түрде бастадым да, Тургенев мырзаны жеңдім. Кейін Д.Мопассан мырзаны жеңу қиынға соқты. Стендаль мырзамен екі рет тең түстім, бірақ соңғы раундта ұпай бойынша жеңдім. Алайда, мен ешқашан Толстойға қарсы шаршы алаңға шықпаймын".

Йосиф Бродский – "Йейтс естеліктері" өлеңі Уистен Оден 

"Кітапты ашқан кезде аңдаусызда Оденнің "Йейтс естеліктері" өлеңіне көзім түсті. Кішкентай үйде отырып оқыған өлеңіме жартылай сенер-сенбестен, көлемі иллюминатормен шамалас дымқыл терезеден батпақты жолда жүгіріп жүрген тауықтарға қарап отырғаным есімде. Меніңше, 1939 жылы ағылшын ақыны "Уақыт тілді құрметтейді, бірақ қоршаған өмір сол қалпында қалды" – деп жазғанына сенгім келмеді",– деп есіне алды Бродский. 
Сол кезден бастап Оден Бродскийдің өміріндегі басты авторға айналды. 
КСРО-дан қуылған Бродский бірінші кезекте өзінің кумиріне қонаққа барды. 

Джоан Роулинг – "Эмма" Джейн Остин 


Михаил Булгаков - "Саардамдық ағаш шебері" Петр Фурман 

Булгаков бұл туындыны өзінің көптеген шығармаларында айтып өтеді. "Саардамдық ағаш шебері" ешқашан өлмейтін туынды боп қала бермек. 

Жандарбек Жұмағұлов

Массагет порталы