#
#
Сенбі 11/07/2020

Әйелдерді ұрып-соғуды қолдаған ЕҰУ оқытушысы жұмыстан шығарылды

  • 05.06.2020
  • 0
  • 452

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әйелдерді ұрып-соғу туралы атышулы пікір жазған оқытушыны жұмыстан шығарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұған дейін әлеуметтік желіде Е. Сүлейменов есімді қолданушы әйелдерді ұру керектігін жазып, өзін исламист, ұлтшыл, жидофоб деп атаған. Кейінірек оның Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы екені анықталды. 

«Университет Е. Сүлейменовке қатысты тексеру жұмыстарын қорытындылады. Этика жөніндегі комиссия оның іс-әрекетін жалпыадамзаттық әдеп нормаларына сай келмейді деп бағалады. Аталған комиссия ұсынымымен Е. Сүлейменовпен еңбек келісімшартын бұзу туралы ректор бұйрығы шықты», - деп жазды ЕҰУ баспасөз қызметі. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар