11 қаң, 2017 сағат 12:07

Айдос Сарым. Билік не ұсынса да, теріске шығаруға дайын отырамыз

Біздің қоғамның басты проблемаларының бірі - билік не ұсынса да, теріске шығаруға дайын отырамыз. Ол, əрине, биліктің қателігі.

Алайда Универсиада кезіндегі каникул дегенді қолдауға болады. Жақсы болсын, жаман болсын, Универсиаданың арқасында талай спорт объектілері салынды, инфрақұрылым жаңарды. Осыдан кейін талай жылдар бойы бұндай шаралар Алматыда мүлдем өткізілмеуі де ықтимал. 

Сондықтан балдарға бір апта демалыс беріп, оларды спорт мерекесіне қатыстыру, спортқа баулудан еш қылмыс көріп отырған жоқпын. Бұл салауатты өмір салтын, қысқы спорт түрлерін насихаттау. Сол жасөспірім балдар үшін жасалып жатқан шаруа.

Айналып келгенде Астанада, солтүстік пен шығыста мектеп балдары аязды күндерде апталап мектепке бармай жатады.

Айдос Сарымның фэйсбуктағы жазбасынан