30 мау, 2022 сағат 18:31

Аят боксит кенішінде самосвал жүргізушісі қаза тапты


Қостанай облысындағы Аят боксит кенішіндегі қайғылы оқиға жайлы Kраснооктябрь боксит руда басқармасының Instagram парақшасында хабарланды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Краснооктябрь боксит кеніші басқармасына» қарасты Аят боксит кенішінде адам өліміне әкелген апат болды. Онда жүкті өз бетінше түсіретін екі көліктің соқтығысуы кезінде жүргізушілердің бірі күрделі дене жарақатын алып, қаза тапты», - деп мәлім етті Краснооктябрь боксит кені басқармасы өз сайтында. 

Компания ұжымы мен басшылығы марқұм әріптесінің отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. 

Сондай-ақ жерлеуді ұйымдастыруға отбасына көмек көрсетілетіні хабарланды. 

Аталған факті бойынша тергеу амалдары басталды.