Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы Бағдат Мусин мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы автокөлікті тіркеу рәсімі тағы да жетілдіріліп, жеңілдей түсетінін хабарлады. Министр мамандандырылған ХҚКО-да адам қарасының көп екенін, цифрлық даму министрлігінің басты міндеті – қызметтің бәрін автоматтандыру екенін айтты, - дeп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Сонымен қатар Бағдат Мусин алдағы уақытта ХҚКО-ға келушілер санын мүмкіндігінше азайтуға жұмыс істеу қажеттігін екенін айтып өтті.
Министрлік талдау жүргізіп, Нұр-Сұлтан қаласында ресімделетін автокөліктің 30%-ті автосалоннан сатып алынатынын анықтады. Осылайша тұрғындардың көлікті ХҚКО-ға барып тіркемеуі үшін автосалонда мамандандырылған ХҚКО бұрышын ұйымдастырылады.
Мусиннің айтуынша, автокөлікті таңдау, банк операторының несие ресімдеуі, ХҚКО операторының автокөлік кепілдігін ресімдеуі, мемлекеттік нөмір мен техникалық құжатты алу – бәрі бір жерде, автосалонда жасалады.
Қаізрдің өзінде бірқатар автосалонда келушілерге осындай қызмет көрсетіледі, сонымен қатар өзге автосалондарды өз клиенттеріне осылай қызмет көрсетуге шақырды. Ол үшін азаматтар азаматтарға арналған үкіметке хабарласуы керек.
Бұл карантин кезінде, пандемия жағдайында адамдардың әлеуметтік қашықтықты сақтауына жағдай жасау үшін жасалып отыр. Сонымен қатар министр көлік жүргізушілері үшін тағы бір жаңалықты хабарлады. Енді Qamqor қосымшасы арқылы айыппұлдың бар-жоғын тексеруге болады.
Бұл пилоттық жоба Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы Mercedes-Benz және AsterAuto автосалондарында жұмыс істейді.
Жақын арада Алматы мен Шымкенттегі ALLURAUTO автосалонына тиісті байланыс арналарын жүргізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Қазақстанда 2020 жылдың аяғына дейін бірқатар маңызды құжатты цифрлық форматқа көшіру жоспарланып отыр.
Бағдат Мусиннің айтуынша, Egov-та (электронды үкімет порталы) мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдету үшін биометрия бойынша бір қадам арқылы тіркелу жүзеге асырылады. Сол арқылы кез келген азамат биометриялық сәйкестендіруден өтіп, өзіне қажетті қызметке қол қоя алады. Сол арқылы электронды үкіметтің қызметін пайдаланатындар санын арттыру көзделген.
"Қандай да бір қызмет алушылар Egov-қа тіркелгеннен кейін, қағаз құжаттарымен қатар, цифрлық құжаттар сервисін қолдануға мүмкіндік алады. Бұл сервиске 2020 жылдың аяғына дейін жоғары білім туралы диплом, жүргізуші куәлігі, автокөліктің техникалық құжаты, жеке төлқұжат, студенттік билет және тағы басқа құжатты шығару жоспарланып отыр", - деді Мусин.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтарға жағдай жасау үшін төлемдерді цифрландыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар цифрлық әлеуметтік әмиян енгізу керек екенін айтты.