21 жел, 2018 сағат 14:48

Автобус пен пойыз соқтығысқан жан түршігерлік апаттың видеосы желіге тарады

Сербияның оңтүстігінде жолаушы пойызы мен автобус соқтығысып, екі ересек адам және бір бала қаза тапты. 22 зардап шегуші ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Blic басылымына сілтеме жасап.

Ниш қаласының түбінде болған апатты куәгерлер видеоға түсіріп алған.


Оқыс оқиға жұма күні 07:30-да болған. Алдын ала болжамдарға қарағанда, автобус Доне-Меджурово өткеліне шыға бергенде, енді ғана жылдамдық ала бастаған пойыз бүйірден келіп соққан. Соққының күшті болғаны соншалық, автобус ортасынан қақ бөлінген.

Оқиға орнында үш адам қаза тапқан, оның біреуі жас бала. Тағы 22 адам Ништегі ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендердің бесеуінің жағдайы мүшкіл.

Бейресми хабарларға қарағанда, жарақаттанғандардың көпшілігі мектепке бара жатқан балалар болған.