10 қыр, 2016 сағат 12:31

«Ауылым – алтын тұғырым» әдеби онлайн конкурсы

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай

«АУЫЛ» партиясы мен «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталының» ұйымдастыруымен өтетін ауыл тақырыбына арналған жас ақын-жазушылар арасындағы

«Ауылым – алтын тұғырым» атты әдеби онлайн конкурсы туралы


ЕРЕЖЕ

 

  1. Конкурс ұйымдастырушысы.

 

1. Конкурс «АУЫЛ» партиясы мен «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталының» бірілесіп ұйымдастыруымен (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) өткізіледі.

 
  1. Ұйымдастыру комитеті:

 
  1. Конкурсты өткізу шарттарын, тәртібі және мерзімі туралы ақпараттарды «Әдебиет порталында» жариялайды;

  2. Қатысушылардан түсетін өтінімдер мен материалдарды онлайн түрінде қабылдайды;

  3. Әділқазылар алқасының құрамын іріктейді және бекітеді;

  4. «АУЫЛ» партиясы конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау салтанатын ұйымдастырады.

 
  1. Конкурстың мақсаты:

 
  • Жас талапкерлер арасында ауылдың рухани өмірін, тыныс-тіршілігін, ауылда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық процесстерді суреттеу;

  • Ауыл құндылықтарын насихаттау;

  • Жас қаламгерлер, ақындар мен жазушыларды қолдау және шығармашылығын дамыту;

 
  1. Конкурстың шарттары:

 
  • Конкурсқа қатысу үшін жасы 14 пен 45 жас аралығындағы қаламгерлер өз шығармаларын ұсына алады;

  • Үміткерлер конкурсқа ұсынылған шығармалары мен жеке мәліметтерін порталда көрсетілген "Шығарманы енгізу" батырмасы арқылы орналастыра алады.

  • Әрбір қатысушының жеке парақшасында жариялаған еңбектеріне жұлдызшалар арқылы дауыс беріледі. Әр номинация бойынша комиссия мүшелері жеке-жеке бағалайды.

  • Конкурсқа қатысу үшін шығармалар онлайн түрінде «Әдебиет порталында» 2016 жылғы 1 желтоқсанға дейін жіберілуі тиіс.

  • Көркемдік деңгейі төмен шығармалар қабылданбайды;

  • Конкурсқа қатысушыларды комиссия мүшелері жеке-жеке бағалайды;

  • Ұсынылған шығармалар бұған дейін еш жерде жарияланбаған болуы шарт;

  • Үміткер конкурсқа ұсынатын еңбегін порталда онлайн арқылы жариялай алады, сонымен қатар «Әдебиет порталының» электронды поштасы: adebiportal@gmail.com  тікелей жөнелте алады;

  • Жүлде қорын «Ауыл» партиясы өз міндетіне алады.

 
  1. Номинациялар бойынша төмендегідей жүлде қоры тағайындалады:

 
  1. «АЛТЫН ТҰҒЫР» әдеби жүлдесі:

  Үш номинациядағы 1-орын жеңімпаздарының арасында таңдалып алынады;

 
  1. «АУЫЛ тақырыбына арналған үздік проза» (эссе, әңгіме, повесть):

 

1-орын 500 000 теңге;

2-орын 300 000 теңге;

3-орын 200 000 теңге;

 
  1. «АУЫЛ тақырыбына арналған үздік поэзия» (өлең, баллада, поэма):

 

1-орын 500 000 теңге;

2-орын 300 000 теңге;

3-орын 200 000 теңге;

 
  1. «АУЫЛ тақырыбына арналған үздік драматургия»:

 

1-орын 500 000 теңге;

2-орын 300 000 теңге;

3-орын 200 000 теңге;

 

7. Комиссия құрамы:

 

1.Комиссия құрамы 9 адамнан тұрады, олардың әрқайсысы бір дауысқа ие;

2. Конкурс өтінімдерін іріктеу жөніндегі комиссия құрамы «АУЫЛ» партиясының жанында құрылған ақын-жазушылардан тұратын, творчестволық клубтар мүшелерімен келісіліп бекітілді.


Әділқазылар алқасы:

 

Проза:

Рахымжан Отарбаев

Мархабат Байғұт

Ербол Бейілхан

 

Поэзия:

Талғат Ешенұлы

Ерқожа Әлқожаұлы

Бауыржан Қарағызұлы


Драматургия:

Жабал Ерғалиев

Жолтай Әлмаш

Роза Мұқанова

 

Әділқазылар алқасының төрағасы: Жабал Ерғалиев

Әділқазылар алқасының хатшысы: Ерқожа Әлқожаұлы

 
  1. Жеңімпаздарды марапаттау:

Конкурс қорытындысы 2016 жылы 3 желтоқсанда шығарылады. Жеңімпаздарды марапаттау 2016 жылы 7 желтоқсанда өткізіледі. Салтанатты шараның өткізілетін орны қосымша хабарланады.

Тел/факс: +7 (7172) 79 82 12 (ішкі 150).

«Ауыл» партиясы өзге өңірлерден келетін әділқазылар алқасы мүшелерінің жол шығынын өз мойнына алады.

Ұлт порталы