09 қаң, 2020 сағат 08:35

Аустралияда орман өртінен миллиардтаған жануар қырылды

Сарапшылардың пікірінше, Аустралияда орман өртінің салдарынан 1 миллиардтан астам жануар қырылды, деп хабарлайды ABC News.

Сидней Университетінің дерегіне сәйкес, осы жануарлардың 800 миллионы Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы орман өртінен қырылған.

Аутралияда өрт маусымы әдетте желтоқсаннан наурызға дейін болатын, бірақ биыл қыркүйекте басталып, әлі бірнеше айға жалғасады.

Елдегі ауқымды өрттің салдарынан Аустарлия тірі табиғатына айтарлықтай зиян келді.

 

Штаттың мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, 2019 жылдың қыркүйегінен бастап Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында өрт салдарынан 1687 үй, 2020 жылдың 1 қаңтарынан – 771 үй қираған.

Жергілікті өрт сөндірушілердің арқасында штаттағы 21 000 үй аман қалғаны аталып өтті.

Аустралия премьер-министрі Скотт Моррисон дүйсенбі күні елде кем дегенде 25 адам қаза тауып, 2 мың үй қирағанын мәлім етті. Аустралияда өрт маусымының басында 12 миллион акр жер өртке оранған.