Ертең алты облыста ауа райы күрт құбылады, деп хабарлайды Қазгидромет.
21 қазанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан жел түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді.
Ертең күндіз Петропавлда жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.
21 қазанда түстен кейін Түркістан облысының таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, түнде таулы аудандарда күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, таулы аудандарда екпіні 23 м/с жетеді.
Ертең түстен кейін Шымкентте қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с жетеді.
Ертең күндіз Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
21 қазанда Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.
21 қазанда таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетіп шаңды дауылға ұласады.
21 қазанда түстен кейін Ақмола облысының солтүстік-батысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкн. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік батысқа ауысады облыстың солтүстік-батысында күші 15-20 м/с жетеді.
21 қазан Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.