Синоптиктер 13-15 тамыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Мәскеу маңынан келетін циклон және фронтальды жүйелердің шығыс бағытында жылжуына байланысты жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста және оңтүстік шығыста кей жерлерде қатты нөсер болуы мүмкін, республиканың басым бөлігінде найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы ықтимал. Еліміздің солтүстігінде күндізгі температура 35 градустық ыстықтан кейін 20-25 жылыға дейін төмендейді. Тек еліміздің батысында және оңтүстік батысында Каспий теңізі аймағынан келетін антициклонның ықпалымен күн райы ашық болады», делінген хабарламада.