03 жел, 2019 сағат 09:31

Ауа райы: Екі өңірде ескерту жарияланды

Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста ескерту жарияланды, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

3 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Осы күні Көкшетау қаласында тұман түседі.

3 желтоқсан Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ сақталады.