03 ақп, 2026 сағат 18:05

Атыраудағы жұмбақ өлім: Күдіктінің бес баласы мемлекет қамқорлығына алынды

Фото: Arasha.kz

Атырау облысы Қызылқоға ауданында жұмбақ жағдайда қаза тапқан ерлі-зайыптының немерелері мемлекет қамқорлығына алынды, деп хабарлайды Ult.kz.

Бұған дейін бүтін бір отбасының (ерлі-зайыпты және ересек ұл-қызы) жоғалып кеткені хабарланған. Кейін ерлі-зайыптының мәйіті өздері тұрған үй аумағынан табылды.

Қазіргі таңда отбасының ересек ұл-қыздарынан әлі күнге дейін хабар жоқ. Үйдің кенже қызы мен оның күйеуі Сұлтан Сәрсемалиевке іздеу жарияланған.

Ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдік күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевке түсті. Оның кәмелетке толмаған 3 баласы бейімдеу орталығына, ал 3 және 1 жастағы екі сәбиі балалар үйіне уақытша орналастырылды.