Атырау облысында коронавирус инфекциясы анықталған 22 науқастың қауіпті індетті қайдай жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, қазір Атырауда 22 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Оның 4-еуі індетті шетелден жұқтырып келген. Ал, 7-еуі көрші облыстардан жұқтырып алған. Сондай-ақ, жергілікті 11 тұрғын Атырауда аталған инфекцияға душар болып отыр.
«Дәрігерлердің айтуынша, 7 науқастың жағдайы тұрақты, 8-інің ахуалы – қанағаттанарлық, 5-еуінің жағдайы орташа дәрежедегі ауыр болса, 2 пациентте пневмония бар. Олардың дене қызуы жоқ. Науқастардың ешқайсысын ИВЛ аппаратына қосу қажеттігі туындамады» деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалы.