14 қыр, 2023 сағат 06:55

Атырауда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

Фото: © atpress.kz

Атырауда жоғалған ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 10 қыркүйекте достарымен балық аулауға кетіп үйіне оралмаған 1987 жылы туған Ербол Құсайыновтың өлі денесі 13 қыркүйек сағат 9:30 шамасында Жайық өзенінен, балық аулады деген жерден 50 метр қашықтықта табылды.

Алдын-ала болжам бойынша, жоғалған ер адам суға батып кеткен.

"Мүрдеге сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр" - делінген хабарламада.