15 ақп, 2021 сағат 11:02

Атырауда жол жиегінде өртенген көліктің жүргізушісі іздестіріліп жатыр

Атырауда жол жиегінде өртенген көліктің жүргізушісі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жүргізуші өртенген көлігін оқиға орнында тастап кеткен.

«14 ақпанда сағат 04:20 шамасында «Атырау-Астрахань» бағытындағы тас жолдың айналма бұрылысында «Chevrolet Cobalt» автокөлігі жол жиегіндегі бордюрге соғылған. Жүргізуші соққы салдарынан өртенген көлікті оқиға орнында қараусыз қалдырып кеткен. Қазір атыраулық полицейлер көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.