
Атырауда сауналар мен СПА орталықтарының жұмысына рұқсат берілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілеріне алдын ала жазылу бойынша (объектінің толтырылуы 1 келушіге кемінде 4 шаршы метр есебімен) штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып рұқсат етілген.
«Фитнес орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, спорт және жаттығу залдары алдын ала жазылу бойынша штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып (1 келушіге кемінде 5 шаршы метр есебінен толтырылуы объект сыйымдылығының 50%-ынан аспайды), сауналар, СПА орталықтары, бассейндер алдын ала жазылу бойынша 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынады» - делінген қаулыда.
