Ыстанбұл-Атырау рейісінің жолаушысынан короновируске тест оң нәтиже берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгін, 28 наурызда індетті жұқтырған төртінші адам Ыстанбұлдан келген рейс жолаушысынан анықталды.
Короновирус жұқтырған 31 жастағы әйелді бірден оқшаулап, екінші Облыстық ауруханаға жатқызды.
Қалған 62 арнайы рейстің жолаушылары және экипаж мүшелері 14 күнге карантинге жатқызылды. Олардың барлығына тест жасалып теріс нәтиже көрсетті.