Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 науқаспен 100-ден астам адам байланыста болған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, індетке шалдыққан 6 науқаспен қарым-қатынас жасаған 109 адам анықталып, олардың барлығы оқшауланған.
«Олардан коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтау үшін анализ алынды. Оның қорытындысымен 67 адамда тест теріс нәтиже көрсетті. Ал, қалған 42 адамның тест қорытындысы жуық арада белгілі болады», - делінген мәліметте.
Айта кетейік, 29 наурыз күні Атырау облысында коронавирус жұқтырудың алтыншы оқиғасы расталды.
Қазақстан бойынша науқастар саны 271-ге жетті.