Атырауда көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінен шыға алмаған қаршыға құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл бүгін сағат 13.55-те тіркелген.
«Департаменттің диспетчерлік пультіне Атырау қаласындағы Б.Момышұлы көшесінде орналасқан №7 үйдің тұрғындарынан кіреберіске жыртқыш дала құсып кіріп кеткені туралы хабар түсті. Шақырту орнына келген құтқарушылар тұрғын үйдің кіреберіске кірген құстың қаршыға екенін анықтады. Құтқарушылар сұңқарды ұстап алып, еркіндікке жіберді», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Әзірге қаршығаның қозғалысы көп қалаға қалай келгені белгісіз. Дегенмен, өздігінен далаға шығар жолды таба алмаған құсты құтқаруға жедел-құтқару жасағының 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған.