14 мам, 2022 сағат 15:52

Атырауда көлікті "бөлшектеп тастаған" иттердің видеосы тарады


Атырауда иттер көлікті "бөлшектеп тастады", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

Оқиға видеосы Zello_atyrau_06 парақшасында жарияланды. Онда екі ит жаңа көлікті айналшықтап жүріп, алдыңғы бөлігін тартқылап сындыратынын көруге болады. 

Сөйтсе иттер автокөліктің астына тығылып қалған мысықты ұстағысы келгені анықталды. Енді көлік иесі жергілікті билік органдарымен соттасқалы отыр.

Атырау полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек 10 мамырда сағат 11.44-те тіркелгенін айтты. Иттердің үйі жоқ екені белгілі болды.