14 қаз, 2019 сағат 14:13

Атырауда «Алтын тұлпар» аламан бәйгесіне 42 млн теңге тігілді

Атырауда өткен «Алтын тұлпар – Жайық жағасында» республикалық жарысына 42 млн теңге тігілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жарысқа Қазақстанның 12 өңірінен келген 40 сәйгүлік қатысты. Бәйгеде 7, 12, 25 және 51 шақырымға жарыс болды.

Бәйгеде топ жарған Қызылорданың ағылшын-араб тұқымды тұлпары Қоянқасқа болды. Бас жүлдеге тігілген 10 миллион теңгені шабандоз Ғалымнұр Ноғайбек, баптаушысы Қуат Әбсаламов және тұлпардың иесі Бердібек Мыханов бөлісіп алды.

«Бұған дейін төрт мәрте «Алтын тұлпар» бәйгесінде қазақстандық тұқымның сәйгүліктері жүлдені ешкімге бермеп еді. Бұл жолы «шетелдік» сәйгүлік топ жарды. Спортшыларды жеңіспен құттықтаймыз!», - дейді ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының хатшысы Нұрсұлтан Ибрагимов.

Жалпы, бәйгеге 42 миллион теңге жүлде тігілді.