Фото: © Sputnik / Владимир Песня
Атырау облысында 5 полицей тән және психикалық зардап келтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"21 маусымда Атырау облыстық прокуратурасы адамды азаптады деген күдікпен Атырау қалалық полиция басқармасының 5 жедел уәкіліне қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады (ҚК-тің 146-б. 2-б. 1-т.).
Олар биыл ақпанда алдын ала сөз байласып, азамат Р-ға қылмысты мойындату мақсатында анықтаудың рұқсат етілмеген әдістерін қолданып, тән және психикалық зардап келтірді деген күдікке ілінді", - деп мәлімдеді ведомство.
Айта кетейік, аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық колдексінің 146-бабы, 2-бөлігі ("Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар") бойынша тергеп-тексеру жүргізілген.
Еске салайық, еліміздің Ата заңы кепілдік бергендей, ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды және заңды негіздерді қоспаған жағдайларды қылмыстық қудалау орбитасына тартуға жол берілмейді.