29 қаң, 2022 сағат 13:38

Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам көз жұмды

© Sputnik / Евгений Епанчинцев

Атырау облысында жол апаты бес адамның өмірін қиды. Қаза болғандардың екеуі – кәлеметке толмаған балалар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Трагедия 28 қаңтар 16:00 шамасында Доссор – Құлсары – Бейнеу тас жолының 71 шақырымында болды.

Атырау облысы полиция департаментінің ақпаратынша, Өзбекстанда тіркелген MAN жүк көлігі мен Алматы облысының тұрғынына тиесілі Toyota Camry автокөлігі соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі мен төрт жолаушы (екеуі – кәмелетке толмаған балалар)  оқиға орнында қаза болды", - делінген хабарламада.

Полиция тергеу жүргізіп жатыр.