15 қар, 2019 сағат 12:54

Атырау облысында Исатай Тайманұлына ескерткіш орнатылды

Атырау облысы Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылында халық батыры, XVIII ғасырдағы соңғы хан билігіне қарсы ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшысы болған Исатай Тайманұлына ескерткіш орнатылды, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Исатай Тайманұлына арналып салынған ескерткіштің авторы ҚР суретшілер одағының мүшесі, мүсінші  Серік Матениязов. Биіктігі 12 метр болатын ескерткіш таза қоладан құйылған.

Салтанатты шараға арнайы қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов Исатай батыр ескерткішін республикадағы ең еңселі әрі тұғырлы мүсіннің бірі  екендігін атап өтті.

– Мұндай шоқтығы биік алып ескерткіштің нақты Исатай ауданында ашылуы заңды құбылыс.Бұл істің басы-қасында болып, ойға алған жоспардың ойдағыдай орындалып, уақытылы орнатылғаны үшін жергілікті жауапты тұлғаларға алғыс бідіремін. Бүгінгі біздердің міндетіміз – ұлы тұлғаларымызды ұлықтау. Осы арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Найза ұстаған айбарлы Исатай батыр ескерткіші республикадағы ең еңселі әрі тұғырлы мүсін. Барша исатайлықтарды айтулы мерекемен құттықтаймын, – дейді Серік Шапкенов.

Бір минут үнсіздіктен соң ескерткішті облыстық ардагерлер қоғамының төрағасы Қатимолла Ризуанов, облыстық ауған соғысы ардагерлері қоғамы төрағасының орынбасары  Бейімбет Нариманұлы және ауған соғысы жауынгерінің жесірі Қалима Абуова ашты.