14 мау, 2021 сағат 17:23

Атырау облысында атыс қаруын заңсыз сақтаған 42 жастағы тұрғын қамалды


Атырау облысында 42 жастағы жігіт атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Құрманғазы ауданының тұрғыны үйінде қару-жарақты заңсыз сақтап келген. 

«Бұл дерек «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде расталды. 42 жастағы ер адам тұратын үйді тінту кезінде одан бір дана ойық қаруы, бір дана 5,6 мм калибрлі патрон табылып, тәркіленді. Тексеру кезінде аталған азаматтың бұрын сотталғаны анықталды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 287-бабының 3-бөлігімен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Заңсыз қару сақтаған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.