04 қаз, 2022 сағат 13:28

Атырау облысында 10-ға жуық көлік су астында қалды


Атырау облысында Каспий теңізіндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты 10-ға жуық көлік су астында қалды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оқырмандар көліктерді су басып жатқан видеоны бөлісті.

ТЖМ ресми өкілінің сөзінше, оқиға 3 қазанда Атырау облысындағы Исатай ауылынан 40 шақырым жерде болған.

"Екпінді жел салдарынан ("Қазгидромет" РМК деректері бойынша секундына 23 метрге дейін) су деңгейі көтерілді, салдарынан 10-ға жуық көлік (иелері - балықшылар, аңшылар) ішінара су астында қалды, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша су деңгейі басылды, автомобиль иелері учаскеден кетіп қалды", - деді Иманқұлов тілшіге.

Айта кетейік, ТЖ департаменті қарсаңында облыстың батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл күтілетіні туралы ауа райына байланысты ескерту жариялаған болатын. 

"Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындардан ауа райына байланысты ескертулерге назар аударуды, құтқарушылардың ұсыныстарын басшылыққа алуды және көлік құралдарын су қоймаларына жақын қалдырмауды сұрайды", - деді ТЖМ өкілі Руслан Иманқұлов.

видео: Tengrinews.kz