
Атырау облысына қаңтардың соңында коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының 1 мың дозасы әкелінеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қазір 2500 дозаны сақтауға арналған 180 литр мұздатқыш бар.
«Енді «Теңізшевройл» ЖШС-нің демеушілігімен облыстың медицина мекемелеріне екпені сақтайтын 700 литрлік мұздатқыш жеткізілетіні күтіліп отыр. Бұған қоса кацинаны аудандарға тарату үшін тағы 60 литрік 2 мұздатқыш, 15 мемлекеттік емханаға 110 литрлік 15 мұздатқыш алынады» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Ал, жекеменшік медициналық мекемелер мұздатқышты өз қаражаты есебінен алатын болады. Вакцинаны сақтау жауапкершілігі аталған мекемелердің өзіне жүктелген.
