Алматыда Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбайды ұстады. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Басылым мәліметінше, ол аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген. Тергеуді Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр. Басқарманың өзінде журналистерге "әзірше ештеңе айта алмаймыз" деп жауап берген.