16 қаң, 2022 сағат 15:25

Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылды


Қайрат Оразбаев Атырау әкімі қызметінен босатылды. Бұл деректі облыс әкімінің баспасөз қызметі растады.

«Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев емделу үшін 30 желтоқсанда еңбек демалысын алған болатын. Қала әкімі 10 қаңтарда жұмысқа кері шақыртылып алынды. Алайда, ол келесі күні денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық парақшасын аштырды. Облыс әкімінің өкімімен Қайрат Оразбаев 14 қаңтар күні өзінің өтініші негізінде Атырау қаласы әкімі қызметінен босатылды. Қазір Атырау қаласы әкімінің міндетін атқару қала әкімінің орынбасары Жұмабек Қаражановқа жүктелді», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары оның митингке шыққан халықпен кездеспегені туралы жазды. Сол үшін экс-әкім сынға да ұшыраған. 

Оразбаев қала әкімі қызметінде бір жылдай жұмыс істеді. Бұған дейін мұнай-газ компанияларында басшы қызметтер атқарды.