06 қыр, 2021 сағат 21:30

Атақты актер Жан-Поль Бельмондо дүниеден озды


Атақты француз актері Жан-Поль Бельмондо дүниеден өтті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" РИА Новости басылымына сілтеме жасап. Оның өлімі жайлы ресми мәлімдемені адвокаты таратқан.

Актер 88 жаста еді.

Жан-Поль Бельмондо 1933 жылдың 9 сәуірінде Францияның Нёйи-сюр-Сенінде дүниеге келген. 

Ол алғаш рет режиссер Жан Люк Годардың «На последнем дыхании» (1958 жыл) фильмінде ойнап, Хамфри Богарттың жанкүйері ролі арқылы көпшілікке танымал болдыАл, 1959 жылы Бельмондо Витторио Де Сиктің «Чочара» фильмінде басты рөлді сомдап, америкалық Оскар киножүлдесін иеленді.

Әртіс көбіне Жан Люк Годар, Луи Маль, Франсуа Трюффо, Клод Шаброль секілді «жаңа толқын» режиссерлерінің фильмдерінде ойнаған. Сондай-ақ коммерциялық жобаларда да жиі бой көрсетіп жүрді.

Алғашқы картиналарында ол бүлікшіл жастың образын жасап, қайталанбас харизмасымен еуропалық жастардың сүйікті актеріне айналды. Кейін көбінесе комедиялар мен экшн-фильмдерге түскен.

1971 жылы ол өзінің Cerito атты кинокомпаниясының негізін қалады.

2001 жылы инстульт алған Бельмондо театр мен кинодағы жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Бірақ 2008 жылы оралып, Франсис Юстердің "Человек и его собака" фильмінде ойнаған еді.

Ал, 2015 жылы ол кинодағы мансабы біржола аяқталғанын мәлімдеді.

2019 жылдың 14 шілдесінде Франция құрмет легионының орденімен марапатталған.