25 шіл, 2025 сағат 13:38

Астаналық ерлі-зайыпты бір миллиард теңге қайырымдылық қаржысын жеке пайдасына жұмсады деп тергелуде

Фото: ашық дереккөз

Астанада алаяқтық фактісі бойынша ерлі-зайыпты Тотақановтар қылмыстық жауапкершілікке тартылуда, деп хабарлайды Ult.kz.

Оларға 2020 жылдан 2024 жылға дейін Instagram желісі арқылы жұртты алдап, «өлім аузында жатқан баласына» емге қажет деп қаржы жинаған деген айып тағылып отыр.

Ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соттың мәліметінше, ерлі-зайыпты жұртшылықтың жанашырлығын пайдаланып, қайырымдылыққа үндеу жариялаған. Нәтижесінде олардан 1 миллиард теңгеден астам қаражат жиналған. Алайда жиналған қаржы баланың еміне емес, букмекерлік ставкаларға, сәнді киімдерге, шетелдік сапарларға және жеке қажеттіліктерге жұмсалған.

Қаражат тек Тотақанованың атына ғана емес, оның анасы мен 2021 жылы қайтыс болған, заңды түрде әрекетке қабілетсіз деп танылған әжесінің атына аударылғаны анықталды.

Қазіргі уақытта бұл іске қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.