01 қаз, 2025 сағат 10:38

Астанаға Мажарстан Президенті ресми сапармен келеді

Фото: ашық дереккөз

1–3 қазан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Сапар барысында екі ел көшбасшылары келіссөздер өткізіп, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективаларын талқылайды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок Digital Bridge 2025 халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысады.