Фото: ашық дереккөз
10–11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапар жасайды, деп хабарлайды Ақорда.
Сапар барысында Қазақстан мен Иран тараптары жоғары деңгейде келіссөздер өткізіп, екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылауы жоспарланған. Атап айтқанда, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, көлік-логистика дәліздерін дамыту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы әріптестікті тереңдету мәселелері күн тәртібіне қойылады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, сапар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
