Фото ©РИА Новости
"Астанаэнергосбыт" компаниясына айыппұл салынып, тұтынушыларға ақшаны қайтаруға міндеттелуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, "Астанаэнергосбыт" компаниясы 2021 жылғы қараша, желтоқсан және 2022 жылғы қаңтарда электр энергиясын пайдалану қағидаларының 64-тармағына сәйкес (Энергетика министрінің бұйрығымен бекітілген), елордалық тұтынушыларға орташа тәуліктік есеп айырысу көрсеткіштерін берген.
"Азаматтық кодекс, "Электр энергетикасы туралы" Заң және тұрмыстық тұтынушыларға арналған Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты тұтынушылардың электр энергиясы үшін ақы төлеуі коммерциялық есептеу құралдарының нақты көрсеткіштері негізінде жүргізіледі", - делінген баспасөз хабарламасында.