21 сәу, 2022 сағат 18:15

Нұр-Сұлтанда оқушы қызға тиіскен жас жігіт ұсталды


Нұр-Сұлтанда үйдің кіреберісінде оқушы қызға тиіскен ер адам ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Елордалық полицияға қала тұрғынынан кешкі уақытта белгісіз ер адам үйінің кіреберісінде 16 жастағы қызына тиіскені туралы хабарлама түскен.

"Іздестіру шараларын жүргізу барысында 20 жастағы студент ұсталды. Биылғы жылдың 18 сәуірінде жас жігіт аялдамада қызды кездестіргені анықталды. Автобуспен бірге жүріп, оның соңынан ерген. Үйінің кіреберісінде онымен таныспақ болады. Бірақ қыз қарсылық білдірген соң оны еркінен тыс қорламақ болған", - делінген хабарламада. 

Ұсталған азаматқа айналасындағыларды құрметтемеу, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзу, кәмелетке толмаған қызды қорлау дерегі бойынша ҚР ӘҚБК 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Соңғы шешімді мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот қабылдайды.

Сондай-ақ, құқық бұзушының денсаулығы туралы медициналық мекемеге сұрау жіберілді.