Астанада шахматтан командалық әлем чемпионатының тоғызыншы әрі шешуші туры аяқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Командалық шахматтан Қазақстан қыздар құрамасы бесінші орыннан көрініп отыр. Жалпы, аталмыш додаға әлемнің үздік он елінің қыздар құрамасы өзара бақ сынасқан болатын. Қазақстан қыздар құрамасы атынан ел намысын Жансая Әбдімәлік, Динара Сәдуақасова, Бибісара Асаубаева, Гүлісхан Нахбаева және Гүльмира Даулетова қорғады.
Он команданың арасындағы тартысты сайыста командалардың рейтингі төмендегідей (қыздар құрамасы):
1 орын - Қытай
2 орын - Ресей
3 орын - Грузия
4 орын - Украина
5 орын - Қазақстан
6 орын - Үндістан
7 орын - АҚШ
8 орын - Армения
9 орын - Мажарстан
10 орын - Мысыр.
Ал ерлер құрамасынан ел намысын Ринат Жұмабаев, Әнуар Есмағамбетов, Мұртас Қажгалеев, Денис Махнев және Петр Костенко қорғаған еді. Ерлер арасындағы командалық чемпионатта Қазақстан құрамасы сегізінші орынды місе тұтты. Ерлер командасы арасындағы рейтинг төмендегідей:
1 орын - Ресей
2 орын - Ұлыбритания
3 орын - Қытай
4 орын - Үндістан
5 орын - АҚШ
6 орын - Иран
7 орын - Әзербайжан
8 орын - Қазақстан
9 орын - Швеция.
Еске сала кетсек, Астанада шахматтан командалық әлем чемпионаты 4 наурызда басталған болатын.