14 там, 2025 сағат 14:03

Астанада Федор Достоевскийдің өмірі мен шығармашылығына арналған көрме өтеді


Фото: rus.team

15 тамыз күні Ұлттық музейде орыс әдебиетінің ұлы классик жазушысы, философ және публицист Ф.М. Достоевскийдің өмірі және шығармашылығына арналған «Бұл көшелерде оның ізі қалған...» атты көрмесі өтеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Ұлттық музей баспасөз қызметінің мәліметінше аталған іс-шара мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылғы 24 сәуірде өткен ХХХIV сессиясында берген тапсырмасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Ф.М. Достоевский (1821–1881) – әлемдік деңгейдегі ұлы орыс жазушысы, философ және публицист. Оның шығармалары адам жанының терең иірімдерін, моральдық таңдаулар мен рухани ізденістерді көркем түрде бейнелеген көрнекті қаламгер. Қазақстан тарихында ерекше орны бар жазушының мол мұрасы мен өмір жолы ұрпақтан-ұрпаққа рухани азық.

Көрменің негізгі мақсаты – XIX ғасыр дәуірін сипаттайтын әртүрлі музей экспонаттарын ұсыну және қазіргі уақытта қалада Ф. М. Достоевскийдің есімі мен мұрасын сақтау жолдарын көрсету. Экспозиция Достоевскийдің Семей қаласында тұрған кезеңін (1854–1859 жж.) қамтиды.

Келушілер XIX ғасырдың екінші жартысындағы провинциялық қаланың атмосферасын елестете алады, сондай-ақ денсаулығына байланысты отставкаға кеткенге дейін жазушының қиын солдаттық қызметі туралы біле алады.

Міндеттері:

Семей қаласындағы Ф. М. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музейдің қызметін насихаттау;

Ф. М. Достоевский мен Ш. Ш. Уәлихановтың шығармашылық мұрасын сақтау және танымал ету;

 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын сақтау;

Халықты, әсіресе жас ұрпақты адамгершілікке, рухани және эстетикалық тәрбиелеуге ықпал ету.

Көрмеде келесі материалдар ұсынылады:

1. «XIX ғасырдың екінші жартысындағы Семей қаласы» қаланың көріністері бейнеленген фотосуреттер мен ашықхаттар; М.М. Беляевтің, Борис Герасимовтың «Ескі Семей» жинағына салған иллюстрациялары; көне тұрмыстық бұйымдар.

2. «Сібір желілік 7-батальонының қатардағы сарбазы» Достоевскийдің алғашқы әскери қызмет кезеңі туралы баяндайтын фотосуреттер мен құжат көшірмелері; офицер шеніне жету жолындағы тактикасы; жазушының екі томдық хаттары.

3. «Достоевскийдің айналасы» Ш. Ш. Уәлихановтың, барон А. Е. Врангельдің фотосуреттері; Уәлиханов шығармалар жинағы мен құжаттары;

1859 жылдың көктемінде Лейбин фотосалонында түсірілген «Достоевский және Уәлиханов» бірлескен суреті; барон Врангельдің естеліктер кітабы; М. Д. Исаеваның фотосуреті; үйлену туралы құжат; Белихов батальоны командиріне жолданған Достоевскийдің рапорты; тұрмыстық заттар мен әйелдерге арналған аксессуарлар. Келушілер Достоевский мен Уәлиханов, сондай-ақ барон Врангель арасындағы достық қатынастармен және жазушының алғашқы жұбайымен болған қарым-қатынасының тарихымен танысады.

4. «Достоевскийдің Семей повестері» жазушының әр жылдардағы шығармалары: «Ағасының түсі» мен «Степанчиково ауылы және оның тұрғындары» повестері; осы шығармаларға салынған А. Дячкин мен Е. Сидоркиннің иллюстрацияларының фотокөшірмелері.

5. «Достоевскийдің шығармашылық мұрасы» жазушының әр жылдардағы шығармалары, шет тілдерге аудармалары мен Қазақстанда жарық көрген басылымдары.

6. «Достоевский музейінің құрылу тарихы және қазіргі қызметі» хаттар, конверттер, фотосуреттер, естеліктердің машинкамен басылған мәтіндері, музейдің жолкөрсеткіші.

Ф.М. Достаевскийге арналған көрме Ұлттық музейдің экспозициялық алаңында әлем әдебиетінің классигі мен оның қазақ жеріндегі тағдырына деген қызығушылықты арттыруға бағытталған. Көрмеге жалпы саны 96 жәдігер қойылады.