Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі «сақалды» құрылыстың сүрілгені туралы видеғоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
«Бұл нысан ұзаққа созылған құрылыс деп танылғандықтан, оны сүріп тастау бойынша жұмыстар жүргізілген болатын. Ғимарат құрылыс ережелерін бұза отырып салынған еске саламыз. Оның үстіне ұзақ уақыт бойы шала салынған күйі тұрғандықтан, нысанның қаңқасы да бүлінген. Ғимарат орналасқан жер телімі инвестордың қарауында екенін айта кету керек», - деп түсініктеме берді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде аталмыш нысанның құлатылған сәтінен видео тараған болатын.