«Ашаршылық» «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесіп түсірілген. Фильм Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан мұрағаттарынан алынған құжаттарға негізделген.
30-жылдардың басында орын алған ашаршылық туралы деректі фильм жан түршігерлік фактілер мен ауыр деректерге толы. Мысалға алатын болсақ, ересек ер адамдардың аштықтан баланы жемек болғаны, сондай-ақ КСРО халықтық комиссарлар кеңесі жанындағы мемлекеттік жоспарлы комиссияның төрағасы Валериан Куйбышевтің ашаршылық – пролетариаттың ең үздік қаруы деген мәлімдемесінің өзі не тұрады.
Сол кездегі ҚазКСР ОК бірінші хатшысы Филипп Голощекиннің бұйрығы бойынша 1931 жылы халықтан тек ет қана емес, астық дақылдары да тартып алынды. Бұл 2000 адамның – 48% қазақтардың опат болуының басы еді. Ашаршылықтың келесі кезеңі каннибализм болды. Бұл сұмдық шындықты да режиссер өз картинасында көрсетті.
Фильмінің режиссері: Еркін Рақышев