28 жел, 2018 сағат 10:07

Арыстанбек Мұхамедиұлы 2019 жылды марафонмен қарсы алуға шақырды

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы тілек білдіргендердің бәрін 2019 жылды марафонмен қарсы алуға шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жаңа жылды қарсы алуда жаңа өзгерістер енгізді. Кез келген марафонға өзі қатысатын министр биыл да ұжымға жаңа жылда салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға, 2019 жылды спортпен бастауға шақырды», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Қала ішінде көліктердің жұмысына кедергі келтірмес үшін жүгірудің бағыты өзгерген. Нақтырақ айтқанда, 31 желтоқсан күні сағат 23.00-де министр бастаған топ Бәйтерек маңынан «Хан Шатыр» ОСО-ға дейін жүгіріп өтеді. Қатысушылар бірнеше шақырымды «Сулы-жасылды» бульвар арқылы еңсереді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы бұл шараға қатысуға елімізге танымал адамдарды шақырып отыр.