27 мау, 2019 сағат 06:06

Арыстағы жарылыс: Снаряд жарықшақтары көрші ауылдағы үйлерді зақымдаған

24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласында болған жарылыстан көрші орналасқан Ақдала кенті зардап шекті, деп xабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақдала ауылы тұрғындарының бірі Орынxан Арынбаевтың айтуынша, сол қайғылы күні тек арыстықтар ғана емес, Арысқа жақын орналасқан көрші кенттің тұрғындары да үйлерін тастап қашуға мәжбүр болған.

«Қатты гүрсіл естілді. Жарылыс кезінде снарядтың жарықшақтары бірқатар километрге, біздің кенттің аумағына да жетті. Соның салдарынан бір снаряд үйдің алдындағы «септикті», тағы бір бөлігі сарайды зақымдады. Игі болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Үйдің үстіне түскенде не болар еді?! Немерелерім мен балаларым қорыққаннан жертөлеге тығылды. Онда біраз уақыт отырып, қалғандарымен бірге қашты», - дейді зейнеткер.

Бұдан бөлек, ақсақал кентті эвакуациялағаннан кейін бір сиыры жоғалып кеткенін айтып, шағымданды.

«Барлығымызды Шымкенттегі 53-мектепке эвакуациялады. Мен күн сайын малдарға азық беру үшін үйге келіп жүрмін. Оларға қарау керек қой, оның бәрін кім істейді?! Әр адамның малдары өрісте жүр, олар жоғалып кетуі немесе ұрлануы мүмкін ғой», - дейді ол.