11 там, 2023 сағат 22:48

Арыста кісі өлтірді деген күдікпен үш ер адам ұсталды

Фото: Polisia.kz

Арыста кісі өлтірді деген күдікпен үш ер адам ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

ІІМ криминалдық полиция департаменті мен Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Арыс қаласында ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген үш адамды, яғни тапсырыс беруші мен екі орындаушыны ұстаған.

"Еске сала кетсек, 5 тамыз күні белгісіз біреулер салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, қарудан оқ атып, қашып кеткен. Үй иесі мен оның танысы алған жарақаттарынан қайтыс болып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру басталды.

Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардан "Сайга" қаруы мен тегіс ұңғылы 12 калибрлі шолақ мылтық, мотоцикл мен бетперделер тәркіленді" - делінген хабарламада.