18 шіл, 2019 сағат 08:42

Арыс қаласында 1,5 мыңға жуық үй қалпына келтірілді

Бір тәулік ішінде құрылысшылар Арыс қаласында тағы 109 тұрғын үйді тапсырды. Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметі бойынша, қалпына келтірілген үйлердің саны бүгін 1469-ға жетті. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Арыстағы үйлерді қалпына келтіруге 17 өңір мен республикалық маңызы бар 3 қаладан 207 құрылыс компаниясы жұмылдырылған. Бұл - шамамен 6868 жұмысшы және 265 арнайы техника.

Айта кетейік, әскери полигонда болған оқиғадан кейін Арыс қаласындағы барлық үйдің 85% бүлінгені анықталды. ҚР ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, күн сайын 100-ден 250-ге дейін үй қалпына келтіру жұмыстарымен қамтылады.

Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 1 тамызға дейін тапсырылуы тиіс.