26 мау, 2019 сағат 12:00

Арыс арқылы өтетін халықаралық пойыздар тоқтап тұр

Түркістан-Арыс-Шымкент бағытындағы халықаралық пойыздар үшін әзірге жол ашылмайды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халықаралық транзиттік пойыздар әлі де тоқтап тұр. Халықаралық бағыттағы транзиттік пойыздардың барлығы  Түркістан-Арыс-Шымкент бағытында қозғалыс жанданған кезде ғана жолға шығады. Мұндай шешімді теміржол әкімшіліктері өздері қабылдап отыр», - дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Сервис және клиенттермен жұмыс департементінің директоры Әлібек Сұлтанов.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз хатшысы Диас Ахметшәріптің айтуынша, пойыз жолаушыларының ішінде ауыр жағдаймен дәрігердің көмегіне ешкім жүгінбеген.